Сыртқы саясат ведомствосының мәліметтері бойынша, аталған оқиға жылдамдықты автожолда премьер-министрдің қонақ үйге ресми шаралардан қайтып келе жатқан кезінде болған. Жалпы алғанда үш автокөлік соғылған. Олардың ішінде Жапонияның СІМ қызметкерлері келе жатқан. Барлық зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, премьер-министр қонақ үйге ойдағыдай оралды.
Жапонияның үкімет басшысы қазір Латын Америкасы елдері бойынша турнесін аяқтады. Оның барысында ол Мексика, Тринидад пен Тобаго, Колумбия, Чили мен Бразилияда болды. Кеше ол Бразилияның президенті Дилма Роуссеффпен келіссөздер жүргізді.