«Ұлы Мәртебелі арнайы заңдағы ережеге сәйкес, бүгін өз құзіретін тоқтатады», - делінген құжатта. Премьер осыған байланысты император Акихито мен императрица Митикоға халық атынан алғыс айтты.
13:50, 30 Сәуір 2019
Жапония премьері император Акихитоның тақтан бас тартатынын жария етті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ сейсенбі күні император Акихитоның тақтан бас тартатынын ресми жариялады. Бұл туралы министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга NHK қоғамдық телеарнасындағы тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.