Жапония репродуктивтілігін жоймай-ақ жыныс ауыстыруға рұқсат берді
Жапония Жоғарғы соты жыныс ауыстыру туралы ота жасау алдында репродуктивтілігін жою қажет деген талапты алып тастап, тарихи қаулы қабылдады. Kazinform бұл туралы NHK World-Japan агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Туған кезде ер болып тіркелген, бірақ қазір өзін әйелге теңейтін адам отбасы істері бойынша сотқа жүгініп, хирургті араластырмай жыныс ауыстыруға рұқсат беруді сұрады. Ол бұл ережені мәжбүрлі түрде сақтау оның құқығы мен Конституцияны бұзатынын айтты.
Отбасылық сот, одан кейін Жоғарғы сот өтінішті қабылдамады. Бірақ Жоғарғы сот алқасы сәрсенбі күні бұл талап расында Конституцияны бұзатынын мәлім етіп, істі қайта қарауды тапсырды.
Қазіргі жапон заңнамасы бойынша, ресми құжаттардағы адам жынысын тек белгілі бір ережелерді сақтағанда ғана өзгертуге болады. Мәселен, адамның туған кездегі репродуктивті қызметтері болмауы керек. Бұл ереже адамнан хирургтің араласуын талап етіп тұр.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін осымен он екінші рет заң ережесі конституцияны бұзады деп танылды. Жапония сеймі заңды қайта қарауға мәжбүр.
Жапония - жыныс ауыстыру үшін хирургтің араласуын талап ететін 18 елдің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) оған қарсы.
Аргентина мен Данияны қосқанда, кем дегенде 17 ел трансгендерлерге өз бетімен жынысын анықтауға мүмкіндік береді.