«Қазіргі уақытта Жапония шетелдіктердің елге кіруіне рұқсат берген жоқ. Елдегі ахуал жақсарғаннан кейін ғана бұл мәселе қарастырылатын болады. Біз оларды қабылдай алатындай жағдай бірден жақсарып кетеді деп ойламаймын», - деді Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің бас директоры Тоширо Муто.
Токиодағы Олимпиада 2020 жылы ұйымдастырылуы керек болатын, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты ол кейінге қалдырылды. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді деп жоспарланған.