Жапония солтүстіккорейлік зымыранның ұшырылғаны туралы қате ақпарат таратты

ТОКИО. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Жапония, корейлік зымыранның ұшырылғаны туралы хабарлап, қате ақпарат таратты.

«Зымыранның ұшырылуы туралы» жапон үкіметі таратқан ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Жапон үкіметі алғашқы хабарламадан бірнеше минуттан кейін оны теріске шығарып, тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Зымыранның ұшырылғаны туралы ақпаратты Жапон үкіметі жерсеріктің суретімен қоса берген. Суретте зымыранның жерден көтерілген сәті түсірілген-міс. Осының алдында ресми Пхеньян Біріккен Ұлттар Ұйымын «жақын сағаттарда» зымыранның ұшырылатыны туралы хабардар еткен болатын. Зымыран Солтүстік Кореяның Жапон теңізінің шығыс жағалауындағы айлақтан ұшырылатын болған және есептеулерге сәйкес ол жапонның Хонсю аралының үстінен ұшып өтеді деп жобаланған.