1966 жылдың шілдесінен бері ел алғаш рет атом энергиясын алмайтын болды. Солтүстіктегі Хоккайдо аралында орналасқан Томари атом электр стансасындағы үшінші реактор жоспарлы тексеру үшін жабылады.
Өкімет орындары Токио мен Осака қалаларының тұрғындарын жазғы ыстқ күндері электр энегиясын тұтыну көбейген кезде ірі қалалардағы электр жарығы кезегімен сөндірілетінін ескертті. Өткен жылғы Фукусимадағы апатқа дейін Жапонияда жалпы электр тұтынудағы атом энергиясының үлесі үштің бірін құрайтын еді. Алайда жапондықтар наурыздағы жер сілкінісі мен цунамиден кейін АЭС-тарға қарсы болып отыр.
Tokyo Electric Power Co қызметкерлері Фукусимадағы АЭС-те бүлінген реакторлардағы температураны 100 градустан төмендетуге қол жеткізді. Қазір олар радиоактивтік бу шығармайды, ал жер сілкінісі мен цунамидің алғашқы апталарында ауаға және топыраққа елеулі радиоактивтік материалдар таралған болатын.
Жапондықтардың атом энергиясына қарсылығы күшті болып отырғаны соншалық, жергілікті өкімет орындары атом реакторларын қайта қосуға бата алмай отыр.