Жапония соты ядролық реакторларды қайта іске қосуға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония соты «Такахама» АЭС-ның екі атом реакторын қалпына келтіруге тыйым салды. Оларды қадағалау органдары рұқсат берген соң биылғы жылы қайта іске қосуы тиіс еді, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Шағымды жергілікті Фукуи префектурасының тұрғындары білдірген. 2011 жылы «Фукусима» АЭС-да болған апаттан кейін Жапониядағы барлық 48 реактордың жұмысы тоқтатылды.

Kansai Electric Power компаниясында сот шешімімен келіспей аппеляциялық шағым келтірмек.