Оны қабылдаған Премьер-министр Абэнің пайымдауынша, үкімет құрамын өзгерту олардың жүргізген экономикалық саясатына, әлеуметтік және саяси реформаға ж аңа серпін беруі тиіс.
Соңғы үкімет соғыстан кейінгі тарихта ең ұзақ жұмыс жасады: 2012 жылғы желтоқсан күні құрылғаннан бастап 617 күннің ішінде бірде-бір министр өз лауазымынан босатылған жоқ. Жанжал немесе ішкі келіспеушілік салдарынан отставкаға кету жағдайлары орын алмады.
Сәрсенбі күні жаңа кабинет құрамы жарияланады, ол Жапония императоры Акихито бекіту рәсімін өткізгеннен кейін ресми өкілеттікке ие болады.