Жапония Үкіметі жалаңбас жүрмеуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптадағы күннің қатты ысуынан Жапонияда 3 адам қайтыс болып, үш мыңға жуық адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы сол елдің Өртке қарсы орталық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Құзырлы органның мәлімдеуінше, 14 -20 маусым аралығындағы аптап ыстықта барлығы 3 179 адам ауруханаға түскен.

Осыған байланысты Жапон Үкіметі көшеде жалаңбас, күннің астында көп жүрмеуге шақырды, делінген хабарламада.