Бұл туралы Би-би-си хабарлады.
Бірнеше министр өздерінің лауазымдарын сақтап қалды. Олардың ішінде Қаржы министрі Таро Асо, Үкіметтің Бас хатшысы Ёсихидэ Суга, Экономика министрі Акира Амари және Сыртқы істер министрі Фумио Кисида орындарында қалды.
2001 жылдан бері алғаш рет бес министрлік басшысы лауазымдары әйелдерге тиесілі болды. Сауда министрлігін Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Кэйдзо Обутидің қызы Юко Обути басқаратын болды.
Бұдан бұрын осы елдің Үкімет басшысы Синдзо Абэ министрлер кабинеті құрамында әйелдерге өкілеттілікті көбірек беруге ниетті екенін және 2020 жылға қарай нәзік жандылар жоғары мемлекеттік қызметтердің үштен бір бөлігіне жуығында жұмыс істейтіндігін айтқан болатын.