Жапония жағалауында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Изу аралының жағалауында магнитудасы 5,2 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі 122 мыңға жуық адам тұратын Кисарадзу қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 396 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі – 10 мың шақырым.

Адамдардың қаза тапқаны және ғимараттардың қирағаны жайлы ақпарат түспеген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда «Ампил» тайфунының жақындауына байланысты авиакомпаниялар 16 тамыз күні жүзге жуық рейстерін, ал теміржолдар операцияларының бір бөлігін тоқтатылғанын хабарлаған едік. 

Жапонияның метеорологиялық басқармасы «ауыр» деп жіктеген «Ампил» тайфуны (№7 тайфун) Токио мен оның маңындағы аудандарға қарай бет алған.