Жапония жағалауларында жер сілкінісі болды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Тынық мұхитында, Жапонияның Идзу аралы маңында 5,7 баллдық жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге ақпарат келіп түскен жоқ, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

АҚШ Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, цунами қаупі жоқ. Жер сілкінісінің ошағы 10,7 шақырым тереңдікте болды.