Жапония жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Жапонияның Бонин аралдарының маңында тербелісі 6,9 балдық жер сілкінісі тіркелді,

деп хабарлайды АҚШ-тың Геологиялық қызметі.

Сейсмологтардың ақпараттары бойынша, зілзала кіндігі Токионың оңтүстігіне қарай 1 мыңдай шақырым қашықтықта орналасқан Бонин аралдарында болған. Жерасты дүмпуінің ошағы 481 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбан болғандар, зардап шеккендер және келген шығындар туралы әзірге ақпар жоқ. Цунами қаупі туралы да ештеңе айтылмай отыр.