Жергілікті БАҚ-тың үкімет өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, шетелдіктер Жапонияға топтық сапар шеңберінен тыс бара алады, бірақ оның өзіндік шарты бар. Саяхаттаушы әуе билеттері мен тұратын жеріне турагенттік арқылы тапсырыс беруі тиіс. Бұл жағдайда туристік агенттіктер саяхатшының нақты орналасқан жерін біліп отырмақ. Компаниялардың міндеттеріне әлеуметтік қашықтық қағидалары туралы ақпарат беру де кіреді. Егер қонақтар ауырып қалса, агенттіктер арада байланыс орнатушы болады.
Туристік агенттіктер ұсынбаған тұрғын үйде, мысалы жеке пәтерлер мен шағын қонақ үйлерде тұрғысы келетін саяхатшыларға елге кіруге рұқсат берілмейді.
Сонымен қатар, 7 қыркүйектен бастап ел күн сайын 20 емес, 50 мың келушіні қабылдауды жоспарлап отыр.