Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу мәлім етті.
«Біз Жапониядан жер сілкінісінің салдарын жоюда көмек көрсетуді өтінген хат алдық», - деді Еурокомиссия басшысы өз мәлімдемесінде.
Ж. М. Баррозудың айтуынша, қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, жапон өкіметі Еурооодақтан көмек сұрап отыр. Осыған байланысты Еуроодақ елдері бірауыздан жапон өкіметіне оң жауаптарын берді.
«Біз қиын-қыстау кезеңде жапон халқы мен үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастыра береміз. Осынау ауыртпалықты еңсеріп отырған жапон халқының ерлігіне тәнтіміз», - деп атап көрсетті Еурокомиссия төрағасы өз сөзінде.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні Жапонияда қуаты 9 балға жетеқабыл жойқын зілзала және соның салдарынан цунами орын алған еді. Табиғат апаттары көп кісі құрбандығына және жойқын қирауларға әкеліп отыр.