Жапонияда 13 жанартау оянды

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 13 жаңартауға жан бітіп, оянды, деп хабарлады Новые Известия.

Оянған жаңартаулар қатарында танымал Фудзияма да бар. Оған таяу жерде магнитудасы 6,4 болатын жер сілкінісі орын алып, оның ошағы лаваның шоғырланған жеріне өте жақын болды.

Жаңартауларды зерттеумен айналысатын Сидзуок университетінің профессорының айтуынша, «сейсмикалық толқын мен шапшулардың салдарынан шоғырланған лава оянып кетіп, жаңартаулар маңайындағы жер сілкіністерінің арта түсуіне алып келді».