Жапонияда 20-30 кірпі жүгіріп жүрген дәмхана аса танымал болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Токио қаласындағы Harry мекемесі түрлі 20-30 кірпіге пана болды. Дәмхана мәзіріне сәйкес, тікенекті жануарлармен ойнап, уақыт өткізудің бір сағаты 1000 жапондық иенге тең (шамамен тоғыз доллар), ал демалыс және мереке күндері бағасы сәл жоғары - 12 доллар, деп хабарлайды Independent.

Ақпан айында ашылған дәмхана ерекше танымал болды. Оның алдында кірпілерді ұстап көргісі келетіндердің кезегі жиналатын кездер де жиі орын алады. Туристердің бірінің айтуынша, жануарлар тікенекті болғанына қарамастан адамдарға тым үйір.