Қазіргі уақытта жергілікті полиция 15 адамның мерт болғаны туралы ресми ақпарат берді. 45 адам зардап шеккен, оның 20-сы өте ауыр халде.
Қылмыскер берілді, деп хабарлады NHK телеарнасы.
«26 жастағы ер адам оқиғадан кейін 1 сағаттан соң полицияға өзі барған. Бір ақпаратта оның сол мекеме қызметкері болып жұмыс істегені айтылды», - делінген телеарна таратқан ақпаратта.
03:46, 26 Шілде 2016
Жапонияда 26 жастағы жігіт 19 адамды пышақтап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Канагава префектурасында мүмкіндігі шектелуі жандарға арналған ғимаратқа белгісіз ер кісі кіріп, 19 адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлады ТАСС агенттігі елдің Өрт сөндіру басқармасына сілтеме жасай отырып.