Жапонияда 270-ке жуық әуе рейсі тоқтатылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда «Джеби» дауылы салдарынан 270-ке жуық әуе рейсі тоқтатылды. Болжамдарға қарағанда, сұпапыл дауыл жапон аралдарына сейсенбі күні жетеді. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Жапония бас метеорология агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, қауіпті циклон дәл қазір Кагосима префектурасынан оңтүстікке қарай 300 шақырымдай жерде, сағатына 20 км жылдамдықпен жылжып келеді.

Циклонның орталығында қысым 945 гексопаскаль, желдің жылдамдығы секундына 45 метр, екпіні 60 м/с-қа жетеді.

Мамандар келе жатқан циклон Жапонияда соңғы ширек ғасырдағы ең алапат дауылды әкелуі мүмкіндігін айтып, тұрғындарды сақтыққа шақырып жатыр. Синоптиктердің есептеулеріне қарағанда, қуатты дауылдың күшінен теңіздегі толқындардың биіктігі 12 метрге жетуі мүмкін.