Жапонияда 300 смартфон бірігіп хор айтты (Видео)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Android платформасы негізіндегі девайстарды адамдарға жарналамаудың ерекше жолы жасалды, деп жазады massaget.kz.

300 смартфонның біріккен ән шашуы Жапония астанасы Токиода өтті. Бір қызығы, хорға қатысушы әрбір құрылғыға арнап Android-тың анимациялық бейнесі (аватар) жасалыпты. Жаңа электроника негізіндегі хор Күн шығыс елінің азаматтарын қандай орындаумен таңдандыруда дейсіз бе? Людвиг ван Бетховеннің «Жалғыздықпен құшқан бақыт» туындысымен.

Расымен бір жерге осынша аппаратты жинап, шоу ұйымдастыру екінің бірінің ойына келе бермейді. Айта кетсек, бірнеше жүздеген дыбыстың бірегей шығуына тек гаджеттің динамикасы ғана қолданылыпты.