Жапонияда «Фанфон» дауылына байланысты 150-ге жуық ішкі әуе рейстері тоқтатылды. Жексенбі күні Окинава аралында ірі толқындар теңізге үш америкалық әскери қызметкерді алып кетті. Олар сол кезде сурет түсірмек болған. Олардың біреуінің мәйіті табылды. Қалған екеуі із-түзсіз жоғалған деп саналады.
Аудармасында «аң» деген мағынаны білдіретін «Фанфон» дауылы Жапонияның негізгі аумағы бойынша Хамамацу қаласының маңында елдің Хонсю деп аталатын басты аралының жағалауында болған. Қазір ол солтүстікке қарай жылжып барады. Желдің екпіні секундына шамамен 40 метрге дейін жетеді.
Жағалаудағы толқындардың биіктігі 11 метрден асады. Жапонияның орталық бөлігін, оның ішінде Токио маңын жауын басты. Биліктегілер су басып, сең жүру қаупі бар екенін айтып, ескертуде.