Жапонияда 50 жолаушысы бар автобус 10 метр биіктіктен құлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапониядағы Гумма префектурасының таулы ауданында елдің басты Хонсю аралының орталығында туристер мінген автобус 10 метр биіктіктен құлап кетті.

NHK телеарнасының хабарлауынша, 14 адам зардап шеккен, олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Автобуста жасы 50-ден асқан 50 жолаушы болған.Олар туристік саяхатқа қатысуды көздеген. Шамасы, кезекті демалуға тоқтаған сәтте сыртқа шыққан жүргізуші көліктің тежеткішін іске қосуды естен шығарған болуы керек. Салдарынан орнынан қозғалған автобус алаңнан шығып кеткен.