2011 жылы наурыз айында Жапонияда 9 балдық жер сілкінісі болып, оның соңынан елдің жағалауында цунами болды. Сол кездегі табиғи апат салдарынан шамамен 20 мыңға жуық адам көз жұмды.
08:17, 04 Қыркүйек 2013
Жапонияда 6,5 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапонияда күші 6,5 балдық жер сілкінісі елдің астанасы Токиода сезілді. Жерасты дүмпуінің ошағы Хачижо-Жима қаласынан 365 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлады АҚШ Ұлттық геологиялық қызметі. Жер сілкінісінің ошағы 404,8 шақырым тереңдікте орналасқан. Цунами болу қаупі жоқ.