Жапонияда 7,1 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM – Жапон билігі Коти мен Миядзаки префектураларында цунами болатынын да ескертті, деп жазады Анадолы.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Миядзаки префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды.
Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) хабарлауынша, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 16:43-те болған.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы координаталары 31,8 градус солтүстік ендік және 131,7 градус шығыс бойлық болатын нүктеде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 30 шақырым тереңдікте болған.

Жапон билігі Коти мен Миядзаки префектураларына цунами қаупі туралы ескерту жасады.
Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түспеген.

Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның күріш қоры рекордтық минимумға дейін төмендегенін жазған едік.