Тарихшылардың болжамынша көне жыртқыштың ұзындығы 10 метрдей болуы мүмкін. Жапониялықтар тапқан тістердің ең үлкенінің ені шамамен 38 миллиметр, ал ұзындығы 82 миллиметрді құрайды.
Археологтардың пайымынша, бұл тираннозаврдың астыңғы жақтағы тісі.
"Бұл көне заманда Нагасаки аумағы құрылықтың бір бөлігі болғанын дәлелдейді", - деді префектураның палеонтологиялық мұражайының өкілі Фукуи Кадзунои Мията.
Табылған тістер 17 шілдеде Нагасаки ғылыми мұражайына қойылады. Ал олардың көшірмесі Фукуи префектурасының динозаврлар мұражайында болады.