әділет министрі Эйсукэ Моридің жазбаша өкімі бойынша үш қылмыскер дарға асылды. Ол туралы жапондық әділет министрлігі кеше мәлім етті.
Өлім жазасы 2005 жылы екі әйелді өлтірген 25 жастағы Юкио Ямадзиге, 1999 жылы үш отандасын өлтірген 41 жастағы қытайлық азамат Чэнь Дэтунуге және өздеріне қол жұмсауды жоспарлаушы адамдар пікірлесетін сайтта танысқан үш адамды өлтірген 40 жастағы Хироси Маэуэге қатысты орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.