Жапонияда Хокота қаласы маңындағы суларда 16 акула бары анықталған.
Жергілікті билік қауіпті жыртқыш қала маңындағы суларда пайда болғанына қатты алаңдаушылық білдіруде, акулалар бірнеше күнде суға шомылатын аумаққа, демалыс орнына жүзіп келуі әбден мүмкін.
Жыртқыш балық байқалған елді мекендерде, атап айтқанда, Оараи, Хокота және Камисуде белгілі бір уақытқа дейін жағажайлар жабылды.