АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қарт адам ретінде белгілі болған жапондық Дзироэмон Кимура 117 жасқа қараған шағында өмірден озды.
ВВС-дің мәліметіне қарағанда, Кимура 1897 жылы дүниеге келген. Ол осы күнге дейін әлемдегі ең қарт азамат болып саналды. Ақсақал өзінің соңғы туған күнін өз үйінде сәуірде тойлаған еді.
Айта кетейік, Жапонияда ең қарт әжей де өмір сүруде. Мисао Окаваның жасы 115-ке жеткен көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.