Сейсмологиялық оқиғалардың (жер сілкіністердің) себептер білу үшін швейцариялық және неміс ғалымдары әлемдегі ең терең ұңғыманы бұрғылап тесті. Бұл қадамға, атап айтқанда әлемдік рекордты орнатуға оларды кейінгі кезде Жапонияның жағалауында жиі болып жүрген зілзала оқиғалары итермелеген.
Жұмыстар шығыс жағалаудағы Жапон теңізінің 6883,5 метр тереңдігінде жүргізілді. 856,5 метр ұзындықтағы тоннель ойпаттың ең түбінде арнайы жабдықтың көмегімен жасалды. Осылайша ұңғыманың жалпы тереңдігі 7740 метрді құрады, деп хабарлады BBC .
Бұған дейін тереңдікте бұрғылау жұмыстарын жүргізу бойынша рекордты американдық теңізшілер тобы 1978 жылы Мариан ойпатында орнатқан болатын.