Тәжірибе барысында Ұлттық кванттық ғылымдар және технологиялар институтының зерттеу тобы адам нысандарды, ландшафттарды көріп жатқан сәттегі ми сигналдарын тіркеді. Тәжірибеге қатысушыларға шамамен 1200 сурет көрсетілді. Сондай-ақ ми белсенділігі функционал магниттік-резонанстық томография (МРТ) көмегімен талданды.
Суреттер ЖИ базасына жүктеліп, оған суреттерді ми сигналдарымен сәйкестендіріп үйрену міндеті қойылды, деп хабарлады Kyodo агенттігі.
Бұған дейін жүргізілген зерттеу адам көрген суреттер функционалдық МРТ көмегімен өңделген ми сигналдары негізінде қайта құрылуы мүмкін екенін көрсеткен болатын. Дегенмен мұндай тәсілмен шектеулі суреттерді ғана жаңғырту мүмкін болған. Енді жапониялық ғалымдар алдыңғы жетістіктерді негізге ала отырып ми сигналдарын сандық сипатқа ауыстырып, сол арқылы үйретілген жасанды интеллект сурет жасап шығатын бағдарлама ойлап тапты.
Суреттердің ішінде леопардтың бейнесі ең шынайы болды. Онда құлағы, аузы, ала терісі анық бейнеленген.
Ғалымдардың пікірінше, бұл технологияны байланыс құралдарын жасағанда және галлюцинация мен адамның түсін түсіну үшін пайдалануға болады.