АСТАНА. KAZINFORM – Жапонияда аптап ыстық әсерінен кейінгі бір аптада 9,5 мыңнан астам адам жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оның 18-і көз жұмды. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметі хабарлады, деп жазады Report.az.
Зардап шеккендердің 58%-ы – 65 жастан асқан адамдар.
Жапонияда маусым айынан бастап өте ыстық ауа райы басталды. Гунма префектурасының Исесаки қаласында ғана ауа температурасы 41,8 градус болды. Бұл өткен аптада басқа префектурада орнатылған 41,2 градус рекордын жаңартты.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда фейерверкке арналған баржадан өрт шыққанын жаздық.
Жапонияның Такахасиінде ауа температурасы 40,4°C-қа жетті.
Өткен айдың соңында Жапония тарихындағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы