Жапонияда аптап ыстық: 11 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауруханада жатыр

Фото: None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат – Жапониядағы аптап ыстықтан 11 адам қаза тауып, 5 664 тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша, елдегі температуражаңбыр маусымының аяқталуына байланысты бірден көтерілген.

Өткен аптадағы науқастар санымен салыстырғанда, ыстықтан зардапшеккендер саны үш есе өскен. Өрт пен табиғи апатқа қарсы күрес агенттігініңдерегіне сәйкес, ыстықтан зардап шеккендердің 52,6 проценті – 65 жастағы жәнеодан үлкен адамдар.

Ауруханада жатқандардың ішінде 119 науқас, дәрігерлердің айтуынша,кем дегенде 3 апта емдеу мекемесінде жатуы керек. Тағы 1 792 адамныңжағдайы ауыр.

Жапонияның 11 префектурасында 11 адам қаза тапты. Айтипрефектурасында ең көп адам – 392, Осака мен Токиода тиісінше 388 және 299 адамауруханаға жатқызылған.

Синоптиктердің дерегінше, келесі аптада Жапонияда ауатемпературасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар