Бұл туралы Жапонияның орталық өрт сөндіру басқармасынан хабарлады. Басқарма мәліметінше, өткен аптаның басынан күннің ыстығынан зардап шеккен 4 мыңнан астам адам ауруханаға түскен.
Жапонияның басым бөлігінде термометр көрсеткіші 30 градустан жоғары болып тұр. Ниихама қаласында (Айти префектурасы) температура 37 градусқа дейін көтерілген. Токиода ол 33 градус көрсеткішінде болған.
Синоптиктердің болжауынша, елдегі ыстық ауа райы келесі аптаның басына дейін созылады.