Жапонияда аптап ыстық салдарынан 181 адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 сәуірден 1 мамырға дейін бір апта ішінде Жапонияда күннің аптап ыстық болуы салдарынан 181 адам ауруханаға жатқызылды, бір адам көз жұмды.

Жұма күні жедел жәрдемді бақылайтын елдің өрт қауіпсіздігі басқармасы осындай мәлімет жариялады, деп хабарлады РИА Новости.

Алты жапа шегушінің жағдайы ауыр және олар үш аптадай ауруханада жатуы тиіс. Олардың көпшілігі 65 жастан асқандар.