Жапонияда аптап ыстықтан бір апта ішінде 459 адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда қатты ыстықтан 9-15 мамыр аралығында кем дегенде 459 адам ауруханаға жатқызылған. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында Жапонияда ауа райы 30 градусқа дейін ыстық болып тұр. Синоптиктер биылғы жаз айлары қатты ыстық болады деп болжам жасауда, деп жазады ТАСС.

Айта кетейік, былтыр Жапонияда аптап ыстық салдарынан 100 адам көз жұмып, 53 мың адам ауруханаға жатқызылған болатын.