Жанартаудан атқылаған түтін мен күлдің биіктігі 4,7 шақырымға жетті.
Табиғи апаттан қираған ғимараттар мен құрбандар туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.
Жапонияның Метеорология басқармасының хабарлауынша, Сакурадзиманың атқылауы таңғы 07:19-да басталған. Жанартаудың өзегінен шыққан пиропластикалық күйдегі заттардың ағыны Кагосима қаласына қауіп төндіруі мүмкін.
Ведомство өңірдегі қауіптің үшінші деңгейге жататынын мәлімдеді.