Мұндай бургерлерді «Orbi Yokohama» мұражайы өкілдері бастаған. Бұл ойыларымен олар улы жәндіктер көрмесін ашуға ел назарын аудармақ болған.
«Бургерге қуырылған бақа мен тауық етін де қосамыз. Сэндвичтерге қышқыл-тәтті чили соусы да араластырылады», - дейді мұражай өкілі. Бақадан жасалған бургердің құны - шамамен 11 доллар. Осыған дейін «Orbi Yokohama» мұражайының өкілдері клиенттеріне Жер планетасы бейнесіндегі көк бургер сатып, әлемге танылған болатын.