Полицияның деректеріне қарағанда, 15 адам зардап шеккен, олардың ішінде сегізі төменгі сыныптардың оқушылары. Ауыр жағдайдағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.
Қаскүнем оқиға орнынан ізін жасырғанымен көп ұзамай қолға түсті. Оның өзі де жараланған. Оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр.