Бұл «Қызыл күрең римдіктер» деп аталатын жүзімнің жаңа, ерекше, тәтті сорты Жапонияның Исикава префектурасында өсірілген және сатылымға алғаш рет шығарылып отыр.
«Біз бұл жүзімді сатып алушылардың дәм татуы үшін дүкеніміздің алдына шығарып қоямыз», - деді супермаркет иесі Такамару Кониши.
Жапондықтар премиум-класс жемістері үшін қомақты қаржы жұмсайды. Жапон дәстүрінде жоғары мәртебелі адамдарға - басшыларға жеміс-жидек сыйлау үлкен құрметтің белгісі болып саналады.