Жапонияда бір жарым апта ішінде 900-ге жуық жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара аралдары тобындағы ауданда магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform Kyodo News агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл аймақта екі аптаға жуық уақыт бойы күшті жер асты дүмпулері болды.
Жапон метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Агенттік жер сілкінісінің жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:32-де болғанын және Кагосима префектурасындағы Акусеки аралында Жапонияның 7 балдық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша 5-тен төмен тіркелгенін хабарлады.
Сәрсенбіде Кодакара аралында да 4 қарқындылық жерасты дүмпулері тіркелді.
Якусима және Амами-Осима аралдарына жақын орналасқан аймақта 21 маусымнан бері бірқатар жер сілкінісі болды: сәрсенбі күні таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша қарқындылығы кемінде 1 балл болатын 865 жер сілкінісі тіркелді.
Осыған дейін Жапонияның оңтүстік батысында 400-ден астам жерасты дүмпуі тіркелгенін жазған едік.