Жапонияда Дарт Вейдердің алтын дулығасы 1,4 млн долларға сатылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда «Жұлдыздар соғысы» кинодастанының басты кейіпкері Дарт Вейдердің Ginza Tanaka зергерлік компаниясы дайындаған алтын дулығасы 1,4 миллион долларға сатылмақ.

Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлады .

Компания сондай-ақ «Жұлдыздар соғысы» кинодастаны алғашқы сериясының экранға шыққанының 40 жылдығына орай арнайы дайындалған алтын монеталар шығаруды да жоспарлап отыр.