Жапонияда дауыл өршіді

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Жапонияны әбігерге салған «Талас» дауылы құрбандарының саны 34 адамға жетiп, 50-ден астамы із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Комсомольская правда» «Киодоға» сілтеме жасап жазғандай, «Талас» алдымен Сикоку аралы арқылы өтті, ал кейіннен оңтүстіктегі ірі жапон аралы Хонсюді жайпап кетті. Соның салдарынан өзендер арнасынан асқан.

Метеорологтар аралдың апатпен күресуге шамасы келмеуі мүмкін деп қауіптенуде, өйткені өте берік бекінген, әрі қолайсыз ауа райына бейімделген Кии түбегінің өзі аса зор шығынға ұшырады.

Дауылдан ең көп зардап шекккен Кии түбегі. Үш префектура - Вакаяма, Нара және Миэ толығымен қирады, деп хабарлайды Yтро.ru.