Бейсенбі күні кешке тайфун Сикоку аралына жеткенде өзімен бірге жауын ала келді. Желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырым.
Киодо ақпараттық агенттігі кем дегенде екі адам ажал құшты десе, жапониялық «Эн-эйч-кей» арнасы 31 адам жарақаттанды деп хабарлады.
Жұма күні таңертең «Нангка» бәсеңдеді. Алайда, билік жақын арада жел жылдамдығы қауіпті болатыныны айтты.