АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Жапония Орталық банкінің жаңа басшысы Харухико Курода дефляциямен күрес аясында елі ақша массасының көлемін арттыруға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл мемлекетте дефляция 15 жыл бойы жалғасып келеді. Осы жайында ВВС-дің орыс қызметі хабарлады.
Екі жылдың ішінде Курода осы үрдісті еңсеріп, инфляция деңгейін 2 пайызға жеткізуге үмітті.
Жапонияның көптеген экономистерінің айтуынша, сыртқы тартымдылыққа қарамастан, бағалардың төмендеуі фактісі экономика дамуына кедергі келтіруде. Себебі, адамдар бұл жағдайларда онсыз да арзандап жатқан тауарларды сатып алуға асығыстық танытпауда.
Ақпанда осы елдегі дефляция деңгейі 0,7 пайызды құрады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.