Алты префектурада 23 адам жарақат алды, оқиғаның көбі Окинавада тіркелген. Сидзуока префектурасында көшкін болып, салдарынан балшық теміржол рельстеріне түсті. Пойыз қатынасы бір күнге тоқтатылғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ.
Токионың астаналық аймағында қатты жаңбыр жауып, билік су тасқыны қаупі туралы ескерту жариялады.
Биылғы алтыншы тайфун қоғамдық көліктің жұмысына да кедергі келтірді: Japan Airlines және All Nippon Airways компаниялары Токионың Ханэда әуежайында барлық таңертеңгі ішкі рейстерді, сондай-ақ кейбір халықаралық рейстерді тоқтатты. Сондай-ақ Токионы басқа аймақтармен байланыстыратын JR жоғары жылдамдықты пойыздарының кейбір қызметтері тоқтатылды.
Бұдан басқа, Жапониядағы 47 префектураның 23-інде шамамен 5500 мектеп пен университет жабылды.
Синоптиктер «Джангми» шығысқа қарай жылжып, әлсірейтінін, тропикалық циклон ретінде қауіп төндірмейтінін болжап отыр.
Осыған дейін Жапонияның оңтүстік батысына жойқын тайфун келгенін хабарладық.