Жапонияда елдің ең қарт тұрғыны қайтыс болды

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жұма күні Сага префектурасының Киямати қаласындаға қарттар үйінде Жапонияның ең қарт тұрғыны, 115 жаста болған Тиёно Хасэгава көз жұмды. |Бұл туралы жапондық Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінде хабарлады.

Қарт әйел ұйықтап жатқан кезде бақилық болды. Хасэгава 1986 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген болатын. Биылғы жылдың мамыр айында Окинава аралының 114 жастағы тұрғыны қайтыс болған соң ол Жапонияның ең қарт тұрғыны аталды. Енді Хасэгава қайтыс болған соң аралдардың ең қарт тұрғыны 114 жастағы Дзироуэмон Кимура болды.