Жапонияда ғаламшардағы ең қарт ер адам дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияда 113 жасқа қараған шағында ғаламшардың ең егде ер адамы Сакари Момои өмірден өтті. Ол созылмалы бүйрек жетімсіздігіне шалдыққан, деп хабарлады бүгін Сайтама қаласының билігі.

5 ақпанда Сакари Момоми Токиодағы медициналық мекемелердің бірінде отбасымен өзінің 112-ге толған туған күнін атап өткен. Өткен жылғы тамызда Гиннестің рекордтар кітабының сарапшылары оны ғаламшардағы ең егде ер адам деп таныды.

Сакари Момои 1903 жылы Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында дүниеге келген. Өмір бойы агрохимиядан сабақ беріп, бірнеше мектептерде директор қызметін атқарған. Туыстарының айтуынша, өмірінің соңына дейін оның ақыл-есі дұрыс болған, өз бетінше кітап оқып, спорттық бағдарламалар көрген.