Жапонияда химиялық зауытта ірі жарылыс болды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Жапонияның Миэ қаласында Mitsubishi Materials компаниясының химиялық зауытында ірі жарылыс болды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

NHK телеарнасының мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан 5 адам қаза болды, 14 адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, жарылыс цехтағы жылу беру құрылғыларын жөндеу кезінде орын алды. Ал нақты себебін анықтау енді сарапшылардың еншісінде.