Жапонияда іздеу операцияларының аумағы қысқартылды

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Жапонияда жер сілкінісі мен цунами салдарынан із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды іздеу бойынша үш күнге жалғасқан операциялардың аумағы қысқартылды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Америка мен Жапония құтқарушылары 70-тен астам адамның денесін тапты, алайда әлі 15 мыңға жуық адам хабарсыз кеткендердің қатарында.

Ауа-температурасы нөлден төмен болғанына қарамастан, ондаған мың адам шатырларда өмір сүруге мәжбүр болып отыр.