Жапонияда қалың қардың салдарынан 100-ден астам адам қаза болды

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Жапонияда қардың мол жаууы салдарынан кемінде 103 адам қаза болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі жергілікті өрттен қорғау басқармасына сілтеме жасап.

Құрбан болғандардың көпшілігі - кемінде 60 адам - өз үйлерінің төбесін қардан тазартуға тырысып, мерт болған. Бұлар негізінен 65 жастан асқан егде адамдар. Бірқатарын қар көшкіні басып қалып, немесе төбеден және басқа да биік жерлерден құлап өлген.

Қардың мол түсуі елдің бүкіл аумағын дерлік қамтыды.  Associated Press агенттігінің хабарлауыша, Жапонияның кейбір аудандарында қардың қалыңдығы жылдық орташа нормадан 2-5 есе көп болған.

Бұндай жағдай бұрын 2006 жылдың қысында болған еді, онда Жапония аумағында 152 адам көз жұмды.